Көші - қон қызметі комитеті Шығыс қазақстан облысы тұрғынының төтенше жағдай кезінде қолданылу мерзімі өткен 75-80 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктерін мерзімсіз деп тану туралы өтінішін қарады. Азаматқа Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің қолданылу мерзімі - 10 жылға, «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгені түсіндірілді.
Өтініш қарттардың өз жасына, сондай - ақ денсаулық жағдайына байланысты жеке куәлігін ауыстыру үшін ХҚКО-ға жеке өтінішінің күрделілігін ескере отырып, өтініш берушіге «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесімен (ІІМ 30.03.2020 ж. № 267 бұйрығы) осы санаттағы азаматтардың ХҚКО-ға бармай-ақ құжаттарды ресімдеу мүмкіндігі көзделгені түсіндірілді.
Осылайша, денсаулық жағдайы бойынша ХҚКО-ға (қарттар, мүгедектер, тасымалдауға келмейтін және т.б.) жүгінуге, жеке басын куәландыратын құжаттарды қайта ресімдеуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға бірыңғай байланыс орталығына 1414, 8 800 080 7777 телефон арқылы жүгінген кезде уәкілетті орган азаматтардың тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.