
ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне азаматтардың өтініштері бойынша кәмелетке толмаған балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібін түсіндіруді сұрайды.
Осы мәселе бойынша2020 жылдың ақпан айында ішкі көші-қонды есепке алу ережелеріне енгізілген өзгерістерге байланысты, (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен) он төрт жасқа келген азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркеу, уақытша болу (тұрғылықты) бойынша тіркеуге алынытынын түсіндіреміз, яғни 14 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жатпайды.
Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде баланың тұрғылықты жері туралы ақпаратты, ата-анасының бірінің тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы ақпарат негізінде ақпараттық жүйелерден алады(«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорымен ақпараттық өзара іс-қимыл аясында)