Көші-қон қызметі комитеті хабарлайды

Көші-қон қызметі комитеті хабарлайды

 

           Қазақстанда карантин шараларының жеңілдеуіне байланысты 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Украина, Оңтүстік сияқты елдермен халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңғыртылды.

Ведомствоаралық комиссияның ағымдағы жылғы 18 тамыздағы шешімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Мынаны атап өту маңызды:

  • Қазақстан тікелей авиабағытты жаңғыртқан елдерден келетін шетелдіктер Қазақстан Республикасына келу үшін тиісті санаттағы визаны алуы қажет. Шетелдік мекемелер визаны шақыруды ресімдеусіз береді.
  • ТМД-ға қатысушы елдердің (ЕАЭО қоса алғанда) азаматтарына Қазақстанға келу үшін визасыз жүріп-тұру туралы екіжақты келісімнің негізінде виза қажет емес. 
  • Шетелдік әуе бағыты жаңғыртылған сол елдің азаматы болуы, сондай-ақ осы елден тікелей авиарейспен келуі тиіс. Транзиттік жүріп-тұруға тыйым салынған.

         Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей (туристік мақсаттар үшін тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) әуе бағыты ашылған шет мемлекеттерге шығуына рұқсат етіледі.