2020 жылдың 6 айындағы халықтың ішкі көші-қон мәселелері

2020 жылдың 6 айындағы халықтың ішкі көші-қон мәселелері

Республика халқының есебі және көші-қон легін талдау динамикасы азаматтарды тұрғылықты және уақытша болу жері бойынша тіркеу кезінде жүзеге асырылады. Ішкі көші-қонды мониторингтеу оның шамамен 88% облыс ішілік және 12% дейін облыс аралыққа келетінін көрсетті.

         Бұл ретте елдегі Төтенше жағдай кезінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жабылуына байланысты (ағымдағы жылғы 26 наурыздан бастап),   барлық аймақтарда карантин режимін енгізгілуіне байланысты бір қатар шаралар және облыстардың аумағына адамдардың кіріп-шығуына уақытша шектеулер көзделгендіктен, ішкі көші-қон көрсеткіші ағымдағы жылғы 6 айында төмендеді, осыған байланысты тіркелген азаматтардың есебі 40% қысқарды.

         2020 жылдың 6 айында 835 мыңнан астам Қазақстан Республикасының азаматы тіркелді, оның ішінде тұрақты – 722,5 мың және уақытша – 112,5 мың ҚР азаматы.

         Ағымдағы жылдың 6 айында Қазақстан Республикасы азаматтарының ең көп тіркелгені Алматы қаласы (102,5 мың), Түркістан облысына келеді (92,5 мың), Нұр-Сұлтан қаласы (89 мың), Алматы облысы (87,3 мың), Қарағанды облысы (52,6 мың), Шымкент қаласы (50,5 мың), Шығыс Қазақстан (47,6 мың) және Жамбыл (44 мың) облыстары.

         Елімізде ағымдағы жылғы 16 наурыздан бастап 11 мамырға дейін Төтенше жағдай енгізілгендігіне байланысты, тұрғылықты және уақытқа болу жері бойынша уақытылы тіркеулерін ресімдемеген Қазақстан азаматтары ҚР ӘҚБтК 11-бабы 1-бөлімінде көзделген кінәнің жоқтығын ескере (тұлға тек кінәсі анықталған құқық бұзушылық үшін ғана әкімшілік жауапкершілікке тартуға жатады) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492 бабы бойынша (тұрғылықты, уақытша болу жерлері бойынша тіркеусіз тұрғаны) әкімшілік жауапкершілікке тартуға жатпайды.