Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы

2020 жылы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы № 356 Жарлығына қол қойылды, оған сәйкес 1260 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алды.

Еліміздің 26 жыл тәуелсіздігінде Қазақстан Республикасының азаматтығына 1 081 676 адам, оның ішінде 957 574 оралман қабылданды.