Төтенше жағдай жойылғаннан кейін Қазақстан азаматтарының мерзімі өткен құжаттарын ауыстыру тәртібі Қазақстандықтардың мерзімі өткен жеке құжаттарының қолданыс мерзімі 2 айға ұзартылды

Төтенше жағдай жойылғаннан кейін Қазақстан азаматтарының мерзімі өткен құжаттарын ауыстыру тәртібі Қазақстандықтардың мерзімі өткен жеке құжаттарының қолданыс мерзімі 2 айға ұзартылды

 

       Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы 26 наурыздан бастап тоқтатылды және қазақстандықтар жеке басын куәландыратын құжаттарды (жеке куәлік, паспорт) уақытылы қайта рәсімдеуге мүмкіндігі болмады.

      11 мамырда Үкімет арнайы қаулыға қол қойды, осы қаулыға сәйкес елде төтенше жағдай кезінде қолданылу мерзімі өткен жеке басты куәландыратын құжаттар күші жойылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн бойы жарамды саналатын болды.

       Яғни, жеке басты куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімі 10 шілдеге дейін ұзартыл және      Қазақстан азаматтары қызмет, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар және басқа да төлемдерді алу үшін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға қолданылу мерзімі өткен құжаттармен (жаңасын алғанша) жүгіне алады.

       Қазір халықты құжаттандыру мәселелері бойынша ІІМ Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті шаралар қабылдануда.

Атап айтқанда, көлігі жоқтарды, зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді ХҚКО-ның жұмысы ұйымдастырылады.

     Аудан орталықтарында тұрғындар үшін әрбір елдімекен немесе ауылдық округ бойынша қабылдау күндері белгіленген.

       Жеке басты куәландыратын мерзімі өткен құжаттарды ауыстыру ағымдағы жылдың 10 шілдесіне дейін ешқандай әкімшілік шарасыз жүзеге асырылады.