
Қазақстан Республикасының Президенті ағымдағы жылы 13 мамырда «Қазақстан Республикасының көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды (бұдан әрі – Заң).
Заң Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындау мақсатында әзірленді.
Заңды қабылдаудың міндеттері көші-қон заңнамасын келесі бағыттар бойынша жетілдіру болып табылады:
- Қазақстан Республикасына келетін этникалық репатрианттар үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, көші-қон процестерін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық базаны кеңейту және заңсыз көші-қонның жолын кесу.
Заң жобасында Қазақстан Республикасының 9 Кодексі мен 21 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген,оның ішінде «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға тиесілі.
Оралмандарға барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында, өткізілетін құжаттардың тізбесі қайталануына байланысты, тұрақты тұруға рұқсатты және қазақстан азаматтығын алу үшін құжаттарды бір мезгілде беру мүмкіндігі көзделген.
Сондай ақ, бұл құжаттарды қарау уақытын 6-дан 3-айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртібін жеңілдету үшін 183 күннен кем тұру және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болуы бойынша заңнамалық нормалар қолданылмайтын адамдар санатын этникалық қазақтар, азаматтығы жоқ адамдар, 1974 жылғы КСРО төлқұжаттары, сондай-ақ Конвенцияға сәйкес некеде тұрған әйелдер айқындау.
Реадмиссия туралы келісімдердің халықаралық ережелері ұлттық заңнамаға имплементацияланған.
«Халықтың қөші-қон туралы» Заңына атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға шығуы бойынша уақытша шектеулерді көздейтін толықтырулар енгізілді.
Заңды іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға алып келмейді.