
ІІМ коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу бойынша іс-шаралар шеңберінде елдегі Төтенше жағдай кезеңінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылғандықтан Қазақстан азаматының жеке куәлігінсіз, ҚР-дағы шетелдіктің ыхтиярхатынсыз, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінсіз тұрғандығы үшін және жоғарыда көрсетілген құжаттардың жарамсыздығы бойынша, азаматтар әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492 бабы бойынша).
Қазіргі уақытта ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп нормативтік құқықтық актілерге Төтенше жағдай кезінде мерзімі өткен құжаттарды жарамды деп танылуы бөлігінде өзгерістер енгізу, сондай-ақ Төтенше жағдай режимі кезеңі аяқталғаннан кейін жеке басты куәландыратын құжаттарды әкімшілік жауапкершілікке азаматтарды тартусыз ауыстыру мерзімін анықтау мәселесі пысықталуда.