«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет бойынша ақпарат

«Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет бойынша ақпарат

Соңғы уақытта ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығу (бұдан әрі – ТТК шығу) бойынша құжаттарды ресімдеуге қатысты көптеген өтініштер келіп түсуде.

ТТК шығуды рәсімін ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - ХҚО) тұрақты тұратын тіркелген жері бойынша жүгіну қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ХҚКО) жұмысы уақытша тоқтатылды.

Осыған байланысты, ТТК шығу өтініштерін қабылдау ХҚКО уақытша жүзеге асырылмайды.

Төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту ТТК шығуды ресімдемей уақытша шектелгенін қосымша хабарлаймыз.

Төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан сон және ХҚКО-ның жұмысы басталғаннан кейін ТТК шығу бойынша өтініштерді қабылдау әдеттегі режимде жүргізіледі.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.