Қазақстан Республикасының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу саласында 2022 жылда жетістіктер туралы

Қазақстан Республикасының азаматтарды құжаттандыру және тіркеу саласында 2022 жылда жетістіктер туралы

Халықты құжаттандыру және тіркеу желісі бойынша көрсетілетін қызметтер ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі болып табылады.

Жыл сайын құжаттарды алғаш рет ресімдеу немесе оларды түрлі себептермен ауыстыру мәселесі бойынша ҚР-ның 2,5 млн.жуық азаматы және 1,7 млн. астам азаматы тұрғылықты жері бойынша тіркеу мәселесі бойынша өтініш білдіреді.

Сондықтан ІІМ-нің осы қызметтерін автоматтандыру және оңтайландыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Бүгінгі таңда Халыққа қызмет көрсету саласына заманауи цифрлық технологияларды енгізу әрбір қазақстандықтың өміріне әсер етеді және жақсартады.

ІІМ жаңашылдықтарының бірі мемлекеттік қызметтерді смартфондандыру болып табылады.

Смартфонға «eGov mobile» мобильді платформасында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер аударылды:

  1. ҚР халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
  2. ҚР халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;
  3. Шекара маңы аумағының елді мекенінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді ұсыну.

Мобильді қосымшалар қарапайым және түсінікті, оларды пайдалану полиция қызметкерлерінің азаматтармен байланысын ғана емес, сонымен қатар азаматтардың ХҚКО-ға бару қажеттілігін де жоюға мүмкіндік берді. Бұл қызметтердің барлығын үйде смартфон арқылы қашықтан алуға болады.

Электрондық-цифрлық қолтаңбамен қатар, QR-кодты пайдалану бүгінде танымал болып отыр, оның көмегімен өткен жылдан бастап ҚР-да тұрақты тұратын Қазақстан азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды куәландыратын құжаттар беру үшін мемлекеттік бажды қолма-қол ақшасыз төлеу сервисі іске қосылды. Бұл дегеніміз, азаматтарға төлем туралы қағаз түбіртектерді ұсынудың қажеті жоқ, қызметкер бұл ақпаратты жүйе арқылы алады.

Болашақта салық органдарымен интеграцияланғаннан кейін жүйе мемлекет кірісіне нақты уақыт режимінде түсуді қадағалауға, тиісінше сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен түбіртектерді қолдан жасау тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.

ІІМ азаматтарға алдын ала қамқорлық жасап, сервистік қызметтердің имиджін арттыра отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.

Мәселен, 2022 жылдың сәуір айынан бастап азаматтарды жеке куәліктерінің қолданылу мерзімінің аяқталғаны туралы СМС-хабарлама жобасы басталды (2022 жылы барлығы 330 мыңға жуық азамат СМС-хабарлама алды). Бұл азаматтарға жарамсыз құжаттарды уақтылы ауыстыруға және әкімшілік айыппұлдарды болдырмауға мүмкіндік берді.

2022 жылдың шілдесінде «Цифрлық құжаттар» жобасы іске қосылды. ІІМ бұл сервиске жеке куәлік, паспорт, шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі сияқты құжаттар енгізілген.

Бұл дегеніміз, мобильді қосымшаның көмегімен смартфон болған кезде цифрлық жеке куәлікті ұсыну жеткілікті. Ол түпнұсқаға теңестірілген және оны жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекеттесу кезінде қолдануға болады.

Бүгінгі таңда цифрлық құжаттар жеке басын куәландыратын құжаттарды айырбастау, тіркеу және есептен шығару кезінде, сондай-ақ авиакомпания мен теміржол билеттерін сатып алу кезінде, банктерден және нотариустардан қызмет алу кезінде ең танымал болып табылады.

Біз өз азаматтарымызға тек ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де қамқорлық жасаймыз.

Осылайша, ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Ресей, Оңтүстік Корея, АҚШ, БАӘ, Түркия, Германия, Өзбекстан шетелдердегі мекемелерінде Қазақстан азаматтарын электрондық құжаттандыру іске қосылды. Енді сол жерде тұратын қазақстандықтар құжаттарды сол жерде ресімдеп, оларды 30 күн ішінде ала алады, оларды бұрынғыдай айлар бойы күтпейді.

Бұл жобаны кезең-кезеңімен енгізу басқа елдердің ҚР шетелдердегі мекемелерінде жалғасатын болады.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап жеке басын куәландыратын құжаттарды алған кезде азаматтардың жеңілдетілген санаты туралы мәліметтерді алу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл процесс                  ІІМ мен ЕХӘҚМ ақпараттық жүйелерінің интеграциялық өзара іс-қимылы шеңберінде автоматтандырылған. Енді азаматтарға төлқұжат пен жеке куәлікті алу кезінде жеңілдіктерді растайтын құжаттарды қағаз тасымалдағышта ұсынудың қажеті жоқ.

Жақын арада «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп Астана қаласында «Құжаттандыру терминалы» пилоттық жобасын іске қосу жоспарланған. Бұл процесте көрсетілетін қызметті алушыны верификациялау үшін жеке басын биометриялық сәйкестендіруді пайдалану көзделеді.

Терминал азаматтарға жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға өтінімді дербес ресімдеуге (оның ішінде суретке түсуге, өзінің анықтама деректерін енгізуге, мемлекеттік бажды төлеуге) мүмкіндік береді.

Пилот сәтті аяқтаған жағдайда, бұл процесті басқа қалалар мен облыс орталықтарында көбейту жоспарлануда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін денсаулық сақтау, әділет, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, бала туылған кезде ЖСН генерациялау процесін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны тестілеу жоспарлануда.

Бұл баланың ата-аналары үшін ол дүниеге келген сәттен бастап (балабақша, мектеп және т.б. кезекке қою) проактивті форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуге, сондай-ақ балалардың туу көрсеткішін толыққанды есепке алуға мүмкіндік береді.

Келешекте мынадай процестерді автоматтандыру және оңтайландыру жоспарлануда:

- жол қозғалысы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеуге ұқсас жарамсыз жеке куәлікпен тұрғаны үшін ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде әкімшілік жауапкершілікке тарту;

- ерекше қажеттіліктері бар адамдарды арнайы тасымалданатын жабдықтар арқылы үйде құжаттандыру, бұл QR-код арқылы жеке басын куәландыратын құжаттар үшін мемлекеттік баж төлеуді жүргізуге, сондай-ақ жеделдетілген түрде қызмет алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта еліміздің шығыс өңірінде жеке басын куәландыратын құжаттарды дайындау бойынша зауыттың жаңа филиалын ашу мәселесі қаралуда.

Бұл Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының тұрғындарына жеке басын куәландыратын құжаттарды қысқа мерзімде алуға, сондай-ақ Астана қаласынан тауар өнімдерін тасымалдауға бюджет шығыстарын азайтуға және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

ІІМ қызметтерін жетілдіру жөніндегі жұмыс мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру шеңберінде жалғастырылатын болады.