Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және онда тұрақты тұруға қалуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.03.2012 ж. № 361 қаулысымен бекітілген ҚР шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне өтініш білдіретіндігін түсіндіреді.
Өтінішке Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттар қоса беріледі Бұл ретте, Қағидалардың 7-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарды Қазақстан Республикасы аумағында тіркеу туралы мәліметтер болмаған жағдайда, кету туралы өтініш білдірген азамат олардың ел аумағында тіркелу фактісін анықтау үшін ішкі істер органдарына өтінішпен жүгінеді.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші түсініктеме береді.
Құжаттар топтамасын тапсырғаннан кейін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі өтініш құжаттарымен, паспорттың және балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен қоса Қазақстан Республикасында соңғы тіркелген жері бойынша ішкі істер органына Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге арналған құжаттарды ресімдеу үшін жіберіледі. Ішкі істер органдары келіп түскен құжаттарды қарайды және өтініш берушінің өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуінің болуына қарамастан, ҚР шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге рұқсатты ресімдеу туралы шешім қабылдайды.