Таразда шетелдік азаматтарға арналған Көші-қон қызметін көрсету орталығы ашылды

Таразда шетелдік азаматтарға арналған Көші-қон қызметін көрсету орталығы ашылды

2019 жылдың 26 сәуірінде Тараз қаласында Жамбыл облысының Полиция департаменті "Азаматтарға арналған Үкімет" АҚ филиалы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлесіп, шетелдік азаматтарға арналған алғашқы Көші-қон қызметтерін көрсету орталығын ашты.

Орталықтың мақсаты Қазақстан Республикасына аумағына келген шетелдіктерге мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту, оларға ыңғайлы жағдай жасау және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін едәуір қысқарту болып табылады.

Халыққа көші-қон қызметтері «бір терезе» қағидаты бойынша сыбайлас жемқорлық қаупін жоққа шығаратын бірыңғай электронды кезек ретінде көрсетіліп, өтініш білдірген шетел азаматтарына, сондай-ақ этникалық қазақтарға мемлекеттік қызмет түрлерін бір жерде, яғни осы орталықта көрсетеді.

Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының және "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ филиалының қызметкерлері азаматтық алу, құжаттау, жұмысқа орналасу құқығы сияқты мәселелерді шешу бойынша қызметтің 11 түрін атқарады. Сонымен қатар, мұнда медициналық орталық жұмыс істейді, оның қызметкерлері тиісті тексерулер мен рәсімдерді өткізгеннен кейін қажетті рұқсат беру анықтамаларын алуға көмектеседі.

Шетелдік азаматтарға арналған Көші-қон қызметін көрсету орталығының ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Үдергенов, "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ филиалының директоры Қыстаубай Сағынтаев және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Равиль Төлебаев қатысты.

 Бекболат Орынбеков ашылып отырған орталықтың өңірдің туристік саласын дамыту үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары қала мен облыс келушілердің ағыны артып келе жатқанын еске салды. Әсіресе біздің бұрынғы жерлестеріміз, этникалық немістер, кәрістер, орыс және басқа ұлт өкілдері көп келеді. Олар қолайсыздықты сезінбеуі керек, ал мемлекеттік қызметтер кәсіби және жедел көрсетілуі тиіс.

 «Өзге елдерден келген еңбек мигранттары осы уақытқа дейін қажетті рұқсат құжаттарын алу үшін бірнеше мекеменің табалдырығын тоздырып, кем дегенде 2-3 күн уақытын жұмсайтын. Бұдан былай көші-қон орталығының қызметіне жүгіну арқылы құжаттарды екі сағаттың ішінде рәсімдеуге болады» - деді өз сөзінде Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Үдергенов.

Қонақтар сөз сөйлегеннен кейін экскурсия өтті, оның барысында Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Арман Тұрдалиев пен жаңа орталықтың директоры Руслан Шерстобоев қонақтарға қажетті техникамен жабдықталған қызмет бөлмелерін көрсетіп, шетелдік азаматтармен тікелей байланыста жұмыс жасайтын қызметкерлерді таныстырды.

Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының және "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ филиалының қызметкерлері азаматтықты алу, құжаттау, жұмысқа орналасу құқығы сияқты мәселелерді шешуге ықпал етеді. Сонымен қатар, мұнда медициналық орталық жұмыс істейді, оның қызметкерлері қажетті рұқсат беру анықтамаларын алуға көмектеседі. Әрине, тиісті тексерулер мен рәсімдер өткізгеннен кейін. Мұнда флюорографиялық тексеру жүргізуге де болады.

587 шаршы метрді құрайтын орталықтың құрамына жеті сектор: кеңес беру, қабылдау, операциялық бөлме, құжаттарды қабылдау, күту залы, дайын құжаттарды беру және медициналық тексеру пункті кіреді. Бұл орталыққа бес дәрігер жұмылдырылған: нарколог, невропатолог, хирург, ЛОР және гинеколог.

Сонымен қатар, жаңа мекемеде екі нотариус, төлемдерді төлеу үшін Қазпошта бөлімшесі, еңбек мигранттарын дактилоскопиялауға арналған үй-жай бар.

Көші-қон қызметінің орталығында қажетті мамандар жинақталған және шетелдік азаматтарға, еңбек мигранттары немесе туристері болсын, оларға енді өз уақытын облыс орталығының әртүрлі аудандарында орналасқан мекемелерге баруға жұмсаудың қажеті жоқ.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі