
ІІМ Көші-қон қызметі комитеті осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығуды ресімдеу және осы себеппен тіркеуден шығару кезінде республика аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркеудің қажеттігі жоқ екенін түсіндіреді.
Бұл ретте шет мемлекеттердің оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, сондай-ақ еңбек шарты бойынша шет мемлекеттерде жұмыс істейтін адамдарға «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болуы қажет.
Қазақстан Республикасында жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 492 - бабында ескерту түрінде-10 күннен 1 айға дейін, бір айдан астам – 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделгенін атап өткен жөн.