
Көші-қон қызметі комитеті осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.12.2011 жылғы №1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 13-бабына сәйкес уақытша болу (тұру) үшін бір айдан астам мерзімнен бір жылға дейін келген ішкі көшіп-қонушыларды ішкі істер органдары келген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуден алмай, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке қоятынын түсіндіреді.
Осылайша, болатын жері бойынша уақытша тіркеуді рәсімдеу кезінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу сақталады.