
м
Осы мәселе бойынша көші-қон қызметі комитеті Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген түзетулерге сәйкес (Үкіметтің 30.09.2019 ж. № 726 Қаулысы) "тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызметі 2019 жылғы 1 қарашадан бастап тоқтатылғанын түсіндіреді. Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар, оның ішінде дипломатиялық өкілдіктер азаматтардан мекенжай анықтамасын талап етуге құқылы емес. Бүгінгі күні барлық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жеке тұлғалар туралы, оның ішінде азаматтардың тұрғылықты жері, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді "Жеке тұлғалар"мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде алады. Бұл ретте, азаматтардың өздері тіркелген мекенжайы туралы мәліметтерді электрондық үкімет порталындағы (бұдан әрі - Портал) "жеке кабинетінде" тексере алады.
Бұдан басқа, порталда "үшінші тұлғалардың анықтама алуы" сервисі жұмыс істейді, оның шеңберінде үшінші тұлғалар сіздің келісіміңізбен тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді алу мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға (электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда) жүгіну арқылы өз телефон нөміріңізді мобильді азаматтар базасында тіркеу қажет. Бұл жағдайда сіздің ұялы телефоныңызға мекенжай мәліметтерін беруге келісесіз бе деген сауал келіп түседі. Мобильді құрылғыға келіскен жағдайда үшінші тұлғаға бір реттік паролі бар СМС-хабарлама келіп түседі, оның көмегімен ол осы деректерді порталда алады.