
ІІМ Көші-қон қызметі комитеті осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына сәйкес ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу, уақытша болуды (тұруды) есепке қою (тіркеу) он төрт жасқа толған кезде жүзеге асырылатынын түсіндіреді.
2014 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс)
492-бабында Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының әкімшілік жауаптылығы көзделген.
Сонымен қатар, Кодекстің 28-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе жолын кескен кезде он алты жасқа толған жеке адамға қатысты әкімшілік жауаптылық туындайды.
Осыған байланысты, 14 жастан 16 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.