
ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне 12 жасар ұлына 5 жасқа толған кезде берілген паспорты ауыстыру мәселесі бойынша азамат жүгінді.
ҚР азаматының паспорты азаматтың қалауы бойынша жасына қарамастан, дайындалған сәтінен 10 жыл мерзімге беріледі. Сонымен бірге, баланың жасына байланысты балалардың жеке басын сәйкестендіруге кедергі келтіретін өзгерістер болған жағдайда (сыртқы түрін өзгерту, операция және т.б.) паспортты ауыстыру азаматтың қалауы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.