Егер шетелде болсаңыз, мерзімі өткен паспортты қалай ауыстыруға болады?

Егер шетелде болсаңыз, мерзімі өткен паспортты қалай ауыстыруға болады?

Осы мәселе бойынша Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының 8-тармағына сәйкес (ҚР Үкіметінің 26.08.2013ж. № 852 Қаулысы)  Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын және келесі санаттағы азаматтарына:

  • шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын;
  • шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін;
  • көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
  • шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
  • жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар адамдарға ресімделеді.

 

         Құжаттандыруға ресімдеу үшін негіздер болмаған жағдайда (бір де бір санатқа жатпайды) ҚР-ға оралу үшін азаматқа қайтуға куәлік ресімдеу үшін жүгіну қаже, ол арқылы азаматқа Қазақстан Республикасына кіруге және  паспортты қайта ресімдеуге мүмкін болады.