
Көші - қон қызметі комитеті осы мәселе бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін мемлекеттік баж алынатынын түсіндіреді, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 615-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергені үшін 8 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК), яғни 22 224 теңгені, ал Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген 0,2 АЕК (555 теңге 60 тиын) құрайды (2020 жылы АЕК 2 778 теңгені құрайды).