
ІІМ Көші-қон қызметі комитеті бұл мәселе бойынша түсіндіреді, яғни Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 23-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жеке басты куәландыратын құжаттарды алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ лауазымды адамдар әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды және одан айырылуды ресімдеу барысында алып қояды. Жеке басты куәландыратын құжаттарды кепілге қабылдауға тыйым салынады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 494-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтардан паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.