
ІІМ Көші-қон қызметі комитеті бұл мәселе бойынша түсіндіреді, яғни бұл жағдайда азамат ХҚҚО-ға ҚР азаматының паспортын және бұрынғы тұрған елдің (яғни қайдан келді) азаматтығының жоқтығы туралы анықтаманы ұсынады, олардың негізінде тұрғылықты жері бойынша тіркеу және ҚР азаматының жеке куәлігі ресімделеді (ҚР ІІМ 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, беру, жұмсау, жою қағидалары).
«Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын, жеке куәліктерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдау және беру «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары 1-қосымшасына сәйкес (ҚР ІІМ 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен бекітілген) ХҚКО-да жүзеге асырылады.