Жеке куәлікте туған күнді өзгерту тәртібі қандай?

Жеке куәлікте туған күнді өзгерту тәртібі қандай?

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті осы мәселе бойынша жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларына сәйкес (ҚР ІІМ-нің 31.05.2016 жылғы бұйрығымен бекітілген), анықтамалық деректерін өзгерту бойынша ҚР азаматының паспортын, жеке куәлігін беруге формулярды толтыру анықтамалық деректерді ауыстыру туралы қорытынды (бұдан әрі - анықтамалық деректерді ауыстыру туралы қорытынды) шығарылғаннан кейін жүргізіледі.

Ол үшін өтініш беруші ХҚКО-ға анықтамалық деректерін ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініш және туу туралы қайталама куәлікті ұсыну қажет.

Анықтамалық деректерді ауыстыру туралы өтініштің негізділігі расталғаннан кейін көші-қон қызметінің қызметкері екі жұмыс күн ішінде анықтамалық деректерді ауыстыру туралы қорытынды шығарады, оның негізінде өтініш берушіге ХҚКО-да жеке басты куәландыратын құжаттар қайта ресімделеді.