14 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу міндетті ме?

14 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу міндетті ме?

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті осы мәселе бойынша 2020 жылғы ақпанда Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына енгізілген өзгерістерге байланысты (ҚР Үкіметінің 01.12.2011 жылғы № 1427 қаулысы), тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеуді он төрт жасқа толған азаматтар ресімдейтінін, яғни 14 жасқа дейінгі балалар енді тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жатпайтынын түсіндіреді.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер кезінде баланың тұрғылықты жері туралы ақпаратты, ата-анасының бірінің тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы ақпарат негізінде ақпараттық жүйелерден алады(«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорымен ақпараттық өзара іс-қимыл  аясында).