
ІІМ Көші-қон қызметі комитеті бұл мәселе бойынша түсіндіреді, яғни «Қазақстан Республикасы азаматтарына жеке куәлік, паспорт беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидасына сәйкес (2020 жылғы 30 наурыздағы №267 ҚР ІІМ бұйрығымен бекітілген), құжаттарды қабылдау және жеке куәлік, паспорттарды беру тіркелген жеріне байланыссыз (эксаумақтық қағида бойынша) ХҚКО-да жүзеге асырылады, оның ішінде жеке куәлік және (немесе) паспорт жоғалған жағдайда.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды қалыпқа келтіру үшін, жоғалту мән-жайларын көрсете отырып еркін нысандағы жазбаша өтініш беріледі немесе қылмыстық құқық бұзушылық ретінде жеке куәлікті және (немесе) паспортты ұрланған туралы арызды қабылдаған қылмысты құдалау органнан талон-хабарлама (Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша).
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 492-бабына сәйкес, жеке куәліксіз тұрғандығы үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, осыған байланысты құжаттарды қалыпқа келтіру үшін ХҚКО-на уақыты жүгіну қажет, яғни 10 күнтізбелік күн ішінде.