Пәтер сатып алу кезінде тіркелген тұлғалардың бар-жоғын қалай білуге болады?

Пәтер сатып алу кезінде тіркелген тұлғалардың бар-жоғын қалай білуге болады?

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті осы мәселесі бойынша түсіндіреді, 2019 жылдың наурыз айынан бастап «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасының «Е-нотариус» ақпараттық жүйесі (Әділет министрлігі) мен «ХҚКО» біріктірілген ақпараттық жүйесі («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ) өзара іс-қимыл қызметі ықпалдастырылған,  қолжетімділік Нотариустар мен Мемлекеттік корпорация қызметкерлерге берілген.

Енді сатып алу-сату шарттарын ресімдеу (тіркеу) кезінде олар тұрғын үйді сатып алынатын/сатылатын мекенжайы бойынша тіркелген тұлғалардың санын көреді және тұрғын үй иелерін оларды тіркеуден шығару қажеттілігі туралы ескертіледі.

Одан басқа тұрғын үй иелері олардың мекенжайы бойынша тіркелгендерді «электрондық үкімет» порталдағы жеке кабинетте тексере алады.