«Сенімхат бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қатысты»

«Сенімхат бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қатысты»

ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен тұрғын үй иесінің сенімхаты бойынша тіркеу мәселесі бойынша азаматтың өтініші қарастырылды.

Иә, шын мәнінде, тұрғын үй иесінің сенімхаты болған жағдайда азамат тұрғылықты жері бойынша тіркеуді рәсімдей алады.

ҚР ІІМ 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес,  тұрғылықты  жері бойынша тіркеу ХҚКО-да көрсетілетін қызметті алушы не сенім білдірілген тұлға өкілеттік көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өзі жүгінген кезде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ХҚКО бармай-ақ «электрондық үкімет» порталы арқылы ресімдеуге болады, бұл үшін тұрғын үй иесі (иесілер) мен тіркелетін тұлғаның электрондық цифрлық қолтанбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс.