Тіркеу туралы жазба тікелей үйдің иесінде сақталған кітаптың өзінде жасалған болса үй кітаптарын қайтаруға бола ма?

Тіркеу туралы жазба тікелей үйдің иесінде сақталған кітаптың өзінде жасалған болса үй кітаптарын қайтаруға бола ма?

Осы мәселе бойынша Көші-қон қызметі комитеті қағаз түріндегі мұндай кітаптардың (азаматтарды тіркеу кітабы, үй кітабы) бұрын күшінде болғанын және олардың күші ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы  № 1427 қаулысымен жойылды деп түсіндіреді. Айта кету керек, үй кітаптары үй иелерінде сақталған, олар оны жоғалтып алуы мүмкін, жылжымайтын мүлікті сату кезінде жаңа иелеріне берілмеуі мүмкін, жоғалғанын айтып осындай бірнеше кітаптар болуы мұмкін, яғни олар да толық емес ақпарат беруі мүмкін.

            Қазіргі уақытта цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру шеңберінде барлық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қағаз жеткізгіштерден электронды форматқа ауысуда. Енді олардың мекенжайы туралы ақпараттың сәйкестігін және мекенжай бойынша тіркелген адамдардың санын үй иелері кез-келген уақытта «электрондық үкімет» порталы арқылы тексере алады. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасынның қорымен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде азаматтарды тіркеу мекенжайы туралы ақпаратты тексеруге мүмкіндіктері бар, сондықтан қағаз нысандарына оралу мәселесі өзекті емес.