ІІМ Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 Қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларының 9-тармағына сәйкес, қайтыс болған азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылуы тиіс.
Сонымен қатар иелерінің қайтыс болуына байланысты олардың жеке басын куәландыратын құжаттарының жарамсыздар санатына көшірілген не азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан ақпарат келіп түскен күн «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйеде қайтыс болғандарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару күні болып табылады.
Сондықтан ХҚКО-ға жүгінуге қажет емес, өйткені адамның қайтыс болуына байланысты тіркеуден шығару жүйесінде автоматты түрде жүзеге асырылады.