Тұрғылықты жері бойынша қанша уақыт ішінде тіркелу қажет?

Тұрғылықты жері бойынша қанша уақыт ішінде тіркелу қажет?

Осы мәселе бойынша Көші-қон қызметі комитеті ҚР Үкіметінің 01.12.2011 жылғы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтары жаңа тұрғылықты, уақытша болатын (тұратын) жерге келген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде тіркелуі тиіс екенін түсіндіреді.

         Осы Ережелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 492-бабымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:

         Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша

         күнтізбелік он күннен бастап бір айлық мерзімге дейін - ескерту;

         бір айдан астам мерзімге - 7 (жеті) айлық есептік  көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл,

         әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін - 13 (он үш) АЕК мөлшерінде айыппұл.