
ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен азаматтың өз деректерін тегі мен атын автоматты түрде ағылшын тілінде паспортта жазылуымен келіспегені бойынша өтініші қарастырылды.
ІІМ 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген, Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларға сәйкес, ақпараттық жүйеде азаматтың анықтамалық деректерін ағылшын тіліне транскрипциялау автоматты түрде жүргізіледі.
Сонымен бірге, егер азаматқа паспортында тегі мен атын қалаған транскрипцияда ағылшын тілінде жазу қажет болса, онда бұл жағдайда растайтын құжаттар ұсынылады (шакыру, неке туралы куәлік, ғылыми еңбектер, монограммалар және т.б.) және ағылшын тілінде тегі мен аты жазылғанын көрсете отырып, еркін нысандағы жазбаша өтініш беріледі.
Осылайша, азаматтың деректерін жазудың транскрипциясы оның өтініші негізінде өзгертілуі мүмкін.