
Басқа елге шығып сол елдің азаматтығын қабылдаған бұрынғы Қазақстан азаматтары 30 тәулік ішінде Қазақстан азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының шетелдердегі консулдық мекемелеріне жүгінулері тиіс екенін түсіндіреміз. Егер Қазақстанның бұрынғы азаматы өзге азаматтықтың «қос азаматтықтың» болу фактісін жасырса, онда оның іс әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне жатады, бұл 200 АЕК-ке деін айыппұл салуды не Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберуді көздейді. Осы жағдайларды болдырмау үшін Көші қон қызметі комитеті азаматтардың өзге елдің азаматтығын алған жағдайда азаматтықты жоғалтуды түркеу үшін Қазақстан Республикасының шетелдердегі консулдық мекемелеріне уақытылы жүгіну керектігін сұрайды. Толық ақпарат алу үшін Көші-қон қызметі комитетінің 8-7172-71-41-67 телефоны арқылы жүгіне аласыз.