ХҚКО-ға онлайн режімінде бармай-ақ, тұрғылықты жері бойынша қалай тіркелуге болады?

ХҚКО-ға онлайн режімінде бармай-ақ, тұрғылықты жері бойынша қалай тіркелуге болады?

Көші-қон қызметі комитеті аталған мәселе бойынша түсіндіреді, яғни "электрондық үкімет" порталында www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) қызметті алу үшін авторизациялану және ұсынылатын қызметтерді алу тәсілдерінің бірін таңдау қажет: ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе бір реттік пароль бойынша.

Порталда қызмет тұрғын үй иесіне де, тіркелетін тұлғаға да көрсетіледі.         

Ол үшін ЭЦҚ болуы қажет.

Порталда ұсынылған қызметтер сервисінің тізбесінен "азаматтық, көші-қон және иммиграция" бөліміне өту керек, одан әрі "халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару" және "халықтың тұрғылықты жері бойынша тіркеу" бөлімдеріне рет-ретімен онлайн қызметке тапсырыс беру қажет.

Бұдан әрі өзіңіз туралы мәліметтерді (қоғамдық санат, білім деңгейі, некедегі жағдайы, тіркелу себебі) толтыру және көрсетілетін қызметті алушының тиісті мәртебесін таңдау қажет: "Мен меншік иесімін" немесе "Мен тіркелемін", оған байланысты жауап беру керек сұрақтар тізбесі ұсынылады.

Қызмет көрсету нәтижесі "жеке кабинетке" не қызмет берушінің ұялы телефонына қызмет көрсету туралы СМС-хабарлама немесе оны ұсынудан дәлелді бас тарту туралы хабарлама алу болып табылады.

Бұл ретте, бүгінгі күні мобильдік телефон бойынша қызмет алуға болады,      ол үшін ұялы телефонға mGov ("Мобильдік үкімет") немесе eGov-mobile мобильдік қосымшасын жүктеу ғана қажет.