Егер басқа қалада тіркелсе, Алматы қаласында жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеуге және алуға бола ма?

Егер басқа қалада тіркелсе, Алматы қаласында жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеуге және алуға бола ма?

Осы мәселе бойынша көші-қон қызметі комитеті «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен бекітілген) құжаттарды қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыларға паспорттар, жеке куәліктер беру көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген жері бойынша, сондай-ақ оның нақты болатын жері бойынша (эксаумақтық қағидат бойынша) мынадай жағдайларда жүзеге асырады:

  • паспортты және (немесе) жеке куәлікті жоғалту,
  • қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ауыстырулар,
  • неке қию (бұзу) бойынша тегін ауыстыру,
  • одан әрі пайдалануға жарамсыздығы,
  • құжаттардың түрінің өзгеруі,
  • ҚР азаматының жеке куәлігі негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу,
  • кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлік негізінде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алғаш рет алуы.

Осылайша, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ұлты өзгерген жағдайларды қоспағанда, құжаттарды тұрақты тіркелген жеріне қарамастан елдің кез келген ХҚКО-да қайта ресімдеуге болады.