
ІІМ Көші-қон қызметі комитеті осы сұрақ бойынша мынаны түсіндіреді, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 51-бабына сәйкес ішкі көшіп-қонушылар (тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адамдар) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге міндетті.
Тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларымен анықталады.
«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларымен реттеледі.