
Осы мәселе бойынша ІІМ Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу туралы қағидаларына сәйкес, уақытша тұруға бір айдан астам уақытқа келген адамдар келген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде, тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарусыз, уақытша болу (тұру) орнында тіркеуге тұратынын түсіндіреді.
Уақытша тіркеу бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және тіркелген мерзім аяқталғаннан кейін автоматты түрде жойылады.
Сонымен бірге, үй иесі өтініш білдірген кезде онымен бірге тұрмаған адамдарды олардың қатысуынсыз, мерзімінен бұрын, ХҚКО-ға хабарласу арқылы немесе электрондық цифрлық қолтанба (ЭЦҚ) болған жағдайда «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару» мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде «электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) арқылы уақытша тіркеуден шығара алатынын хабарлаймыз.