
Көші-қон қызметінің комитеті осы мәселе бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23, 24-баптарына сәйкес меншік иесі немесе меншік иесі тұрғын үйді жалға беруге уәкілеттік берген адам жалға берілетін тұрғын үйде тұратын адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге міндетті, жалдаушы қосымша жалдау шарты бойынша берілетін тұрғын үйде тұратын адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге міндетті екенін түсіндіреді.
Жалға берушінің меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол бергені үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген. Жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда-20 АЕК (Кодекстің 493-бабының 5 және 6-бөліктері).
Тұрғын үй иесі (жалға беруші) азаматты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден бас тартқан жағдайда, жоғарыда көрсетілген бапқа сәйкес оған қатысты шаралар қабылдау үшін ішкі істер органдарына жүгіну қажет екенін атап өткен жөн.