Азаматты тұрақты тіркеген тұрғын үй иесі жауапты ма, егер ол мекен-жайы бойынша уақытша тұрмаса, бірақ басқа жерде уақытша тіркеуі бар болса?

Азаматты тұрақты тіркеген тұрғын үй иесі жауапты ма, егер ол мекен-жайы бойынша уақытша тұрмаса, бірақ басқа жерде уақытша тіркеуі бар болса?

Көші-қон қызметі комитеті осы мәселе бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 493-бабына сәйкес тұрғын үй иесі өзінде нақты тұрмайтын адамды тіркегені үшін, сондай-ақ оны тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбағаны үшін әкімшілік жауаптылықта болатынын түсіндіреді.

   Сонымен қатар, азаматтың уақытша тұрғылықты жері бойынша ағымдағы тіркеуі азаматтың тұрақты тіркелген тұрғын үйінің меншік иесін тексеру сәтінде оны уақытша тіркеу мерзімі өтпеген жағдайда Кодекстің көрсетілген бабы бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатуға негіз болып табылады.