Ескі үлгідегі жеке куәлікті (чипсіз), егер олардың қолданылу мерзімі бітпесе, жаңасына ауыстыру міндетті ме?

Ескі үлгідегі жеке куәлікті (чипсіз), егер олардың қолданылу мерзімі бітпесе, жаңасына ауыстыру міндетті ме?

     Осы мәселе бойынша Көші-қон қызметі комитеті «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасы азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері құжатта көрсетілген олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп есептелетінін түсіндіреді.

Осылайша, ескі үлгідегі жеке куәлікті (чипсіз) оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгертпеуге болады, тек қана ауыстыру қажет болған жағдайларды қоспағанда: анықтамалық деректерді өзгерту, тұрғылықты жерін өзгерту, құжатты бүлдіру немесе азамат оны өзі ауыстырғысы келгенде.