
Осы мәселе бойынша Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі ресімделген күннен бастап жеделдетілген тәртіппен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында – бір жұмыс күніне дейін, облыс орталықтарында – үш жұмыс күніне дейін, облыс аудандары мен қалаларында – жеті жұмыс күніне дейін беріледі.
Қазақстан Республикасы азаматтарының қалауы бойынша жеке басты куәландыратын құжаттар ресімделген күннен бастап үш жұмыс күніне дейін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында) және бес жұмыс күніне дейін (облыс орталықтарында) жеделдетілген тәртіппен беріледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызметке баға прейскуранты (ІІМ-нің 22.02.2018 ж. № 143 бұйрығы):
Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін:
1 жеделділік санаты - 1 (бір) жұмыс күніне дейін - 4 983 теңге;
2 жеделділік санаты - 3 (үш) жұмыс күніне дейін - 2 752 теңге;
облыс орталықтары үшін:
1 жеделділік санаты - 3 (үш) жұмыс күніне дейін - 4 983 теңге;
2 жеделділік санаты - 5 (бес) жұмыс күніне дейін - 2 752 теңге;
аудандар мен облыстардың қалалары үшін:
3 жеделділік санаты - 7 (жеті) жұмыс күніне дейін - 1 116 теңге.
Жеке басты куәландыратын құжатты жедел бергені үшін төлем банк мекемелері арқылы және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарды жүргізіледі.