Қай сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды деп есептеледі

Қай сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығынан   айырылды деп есептеледі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.

        "Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 және 12-баптарын ресми түсіндіру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 1 желтоқсандағы 12 қаулысымен, Конституцияның 10-бабын түсіндіру бөлігінде, егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алса, онда сол кезден бастап Қазақстан Республикасының азаматтығы сақталмайды деген қаулы шығарылды.
         Осыған байланысты, азаматтарға қатысты басқа мемлекеттің азаматтығын алу туралы ақпарат келіп түскен кезде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту фактісі тіркеледі.

Ағымдағы жылдың 8 айында барлығы 6323 Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту тіркелді, негізінен Ресей Федерациясының азаматтығын алуына байланысты - 6181, Германия - 63, Түркия - 13, АҚШ - 6, Украина - 8, Канада - 1, Белорусь - 3 және т.б.