Қазақ дәстүрлері бойынша тегін, атын, әкесінің атын жаза отырып, жеке басты куәландыратын құжаттарды қалай алуға болады?

Қазақ дәстүрлері бойынша тегін, атын, әкесінің атын жаза отырып, жеке басты куәландыратын құжаттарды қалай алуға болады?

Көші-қон қызметі комитеті Шымкент қаласы тұрғынының жеке басты куәландыратын құжаттардағы анықтамалық деректерді қазақ халқының ұлттық дәстүрлері бойынша өзгерту мәселесі жөніндегі өтінішін қарады.

Осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің туу туралы куәліктің        (2016 жылғы 31 мамырдағы №583 бұйрығымен бекітілген жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау үшін формулярды ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, беру, жұмсау, жою қағидаларының 12 тармағы) негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының анықтамалық деректерін (тегі, аты) жазуға өзгерістер енгізуге уәкілетті екенін түсіндіреміз.)

Бұл ретте, ұлты қазақ адамдар өздерінің қалауы бойынша қазақ тіліне тән емес аффикстерді (-ев, -ов,- ева, -ин, -ины, -на, -овна, -евна, -ович, -евич) қоспағанда, бірақ тегі мен әкесінің атының түбірлік негіздерін сақтай отырып, өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын өзгертуге құқылы. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде әкесінің атына адамның жынысына қарай "улы/ұлы" немесе "кызы/қызы" деген сөздер қосылып жазылады.

Бұл жағдайда жеке басты куәландыратын құжаттарды беру кезінде тегі мен әкесінің аты туу туралы куәлікті ауыстырусыз жеңілдетілген тәртіппен жазылады (Қазақстан Республикасы Президентінің 02.04.1096 ж. № 2923 "Ұлты қазақ адамдардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" Жарлығы).

Сонымен бірге, егер өтініш беруші фамилияның түпкі негізін өзгерткісі келсе, мысалы, әкесінің немесе атасының аты бойынша фамилияның емлесін өзгерткісі келсе, онда жаңа туу туралы куәлік қажет. Бұл жағдайда жаңа анықтамалық деректерге («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы "Қазақстан Республикасы Кодексінің 183-бабына сәйкес) туу туралы қайталама куәлікті алу үшін тұрғылықты жері бойынша АХАТ органдарына өтініш жасау қажет.

Бұдан әрі, туу туралы куәлікті жаңа анықтамалық деректермен алғаннан кейін, жеке басын куәландыратын құжаттарды қайта ресімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға жүгіну қажет.