
Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының 31 бабына сәйкес, уәкілетті органға тапсыруға жататын паспортта шет мемлекеттің қолданыстағы визасы болған кезде азаматтың өтініші бойынша паспорт алынбайды. Бұл ретте жарамсыз паспорт өтеуге (паспорттың бір жағын тескішпен тесу арқылы) жатады және иесіне қажеттілігі өткенге дейін қайтарылатының түсіндіреді.
Паспорттағы визаның қолдану мерзімі аяқталғаннан кейн жарамсыз құжат көші-қон бөлімшесіне тапсырылуы тиіс.