
ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне азаматтардан жеке сейкестендіру нөмерлері (одан әрі – ЖСН) дұрыс көрсетілмегендіктен екінші деңгейдегі банктердің немесе басқа да ұйымдардың қызмет көрсетуден бас тартуы туралы өтініштері жиі түседі.
Бұл ретте азаматтардан ЖСН-мен туған күні, туған ғасыры, жынысы және т.б. арасындағы сәйкессіздік туралы жиі көрсетіледі, бұл қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келеді.
Осы мәселе бойынша, ЖСН қалыптастыру туу туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт беру кезінде ақпараттық жүйеде автоматты түрде құрылатындығын және бірегейлік пен өзгермеушілік қағидаттарына негізделгенін түсіндіреміз. Азаматтарға ақпараттық жүйе тағайындаған ЖСН бірегей және тек «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасындағы нақты адамға сәйкес келеді.
Бұл әрбір азаматтың ЖСН-і басқа адамның ЖСН-мен сәйкес келмейтіндігін білдіреді, бұл ретте «Ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бала асырап алу жағдайларынан басқа (Заңның 9-бабы), ЖСН бір рет тағайындалады және өмірінің соңына дейін өзгермейді.
Яғни, егер азамат өмір бойына тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жынысын және басқа деректерін өзгертсе, бұл ретте ЖСН өзгермейді, өйткені бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі тұлғаның негізгі идентификаторы.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, екінші деңгейлі банктердің ЖСН-нің туған күніне, адамның жынысына және азаматтың басқа анақтамалық мәліметтеріне сәйкес келмеуіне байланысты қызмет көрсетуден бас тартуы заңсыз екендігіне назар аударамыз.
ЖСН-ге байланысты проблемалық мәселелер бойынша осыған ұқсас арыздар түскенін ескере отырып, ІІМ Ұлттық банктің, Денсаулық сақтау министрлігінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік копорациясы» ҚЕАҚ (Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың), Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің, ведомстволық бағынышты ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуі кезінде ЖСН үшін бас тартуына қатысты шаралар қабылдау туралы хат жолдаған болатын.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз кезегінде, ЖСН-ның дұрыс болмауынан мемлекеттік, сондай-ақ банк қызметтерінен бас тартуға жол бермеу, оның ішінде ЖСН-де туған күнін және жеке тұлғалардың басқа да айқындамалық деректерін тексеру мәніне бақылау функцияларын болдырмау бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат ұсынды.