
БҰҰ БЖКБ-мен бірлесіп, 2020 жылғы 24 қыркүйектен 2022 жылғы мамырға дейін республика аумағында үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, «Адам құқықтарының заңдылығын сақтау жөніндегі халықаралық бюро» және «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» Акционерлік қоғамы тұлғасында азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтау және құжаттандыру бойынша кең ауқымды сәйкестендіру акция жүргізілуде.
Осы кампанияның мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында құжатсыз, немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты негізінде тұратын адамдар ішкі істер органына жүгінуге құқылы екенін қоғамға жеткізу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олардың құқықтық мәртебесі анықталатын болады (яғни, Қазақстан Республикасының азаматы немесе азаматтығы жоқ адам ретінде танылады) және тиісті құжаттар рәсімделеді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, құжатталмаған адамдар көбінесе ТМД елдерінің бірінің жарамсыз төлқұжаттары бойынша елде жүрген адамдар немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттарының иелері.
COVID-19 азаматтығы жоқ адамдардың қиындықтарға және әділетсіздіктерге жиі ұшыратты. Құқықтық сәйкестілік болмаса, көптеген азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы негізгі қызметтерге қол жеткізе алмайды немесе қамтылмайды.
Осыған байланысты, Министрлік Қазақстан Республикасының аумағындағы Қазақстан азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына қатыстылығы туралы дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі қағидаларды әзірледі.
Акция азаматтардың проблемаларын проактивті анықтау мен шешудің үлгісі болды. Оған қатысу үшін БҰҰ БЖКБ-ның Үкіметтік емес ұйымдарының мүмкіндіктері іске қосылды.
Акция аясында 6 300 – ден астам құжатсыз адам анықталды, олардың 4969-ы құжатталған, олардың 3357-і Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылған, 1612-сі азаматтығы жоқ адамдар. 1331 адамға қатысты азаматтықты растау рәсімі аяқталуда.