ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектордың басшы буынының қызметшілерінде қос азаматтық фактілерін анықтау бойынша

Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының 2020 жылғы  1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 123-тармағын, сондай-ақ Президенті Қ.К. Тоқаевтың ағымдағы жылғы 25 ақпандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 23-тармағын орындау шеңберінде мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектордың басшы буынының қос азаматтықтың бар-жоғын тексеру жұмыстары жүргізіуде.

Барлық орталық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардан мемлекеттік қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ алқалы басқару органдары мүшелерінің (оның ішінде «Самұрық-Қазына» ФБН АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ «Қазпошта» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ, «СК Фармация» ЖШС, «Отбасы Банк» АҚ және т.б.) тізімдері қосымша сұратылды.

Келіп түскен мәліметтер ІІМ, СІМ, ҰҚК және МҚІА есептері бойынша тексерілді.      

Ішкі істер органдары 2020 жылдың қыркүйегі мен 1 қазан аралығында барлығы 15451 қазақстандықта қос азаматтықтың бар екенін анықтады. Оның ішінде: квазимемлекеттік ұйымның басшысы, 6 мемлекеттік қызметші, бюджеттік ұйымдардың 4 қызметкері болды.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға және Еңбек кодексіне сәйкес қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік ұйымдардың басшылары жұмыс орнынан босатылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылу, азаматтықтан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына (ІІМ-нің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығымен бекітілген) Қазақстан Республикасының азаматтығына күдікті адамдарды тексеру жүргізу мерзімдері мен тәртібін нақтылау Қос азаматтықта және азаматтықты жоғалту рәсімдері. Осы бұйрық Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісілді және Әділет министрлігінде тіркелді.

Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру үшін мемлекеттік қызметшілер және квазимемлекеттік ұйымдар басшылары лауазымдарын атқаратын адамдарда қос азаматтықтың болуы үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған түзетулер әзірленді.

ӘҚБтК-нің 496-бабының санкциясында мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты қос азаматтығы үшін бір мезгілде Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жібере отырып, айыппұл салу көзделген (бұрын балама көзделген: айыппұл немесе мемлекеттік қызметшілерге қатысты ғана шығарып жіберу).

Бұл заңнамалық бастамалар Әділет Министрлігі әзірлеген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына енгізілді және мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтуде.

Дата публикации
10 ноября 2021
Дата обновления
10 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Пайдалы ақпарат
14 апреля 2022
Пайдалануға берілмеген үйлерде тіркеу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы