ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы азаматтарын құжаттандыру және тіркеу мәселесі бойынша

Жыл сайын ішкі көші-қон процестеріне екі миллионнан астам адам қатысады. Ағымдағы жылы тұрақты және уақытша тұрғылықты жері бойынша 1,2 млн.астам азамат тіркелген (2019 жылы - 3,7 млн., 2020 жылы - 2 млн.), оның 200 мыңға жуығы өңіраралық және 30 мыңы сыртқы көші-қонға тиесілі.

Бүгінгі күні азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркеуді әртүрлі тәсілдермен рәсімдей алады:

  • біріншісі - ХҚКО-ға жеке өтініш білдіре отырып;
  • екіншісі - «электрондық үкімет» порталы арқылы - электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде;

        -  үшіншісі - M-GOV мобильді қосымшасы немесе ұялы телефонға СМС-хабарлама түрінде алынған бір реттік парольді пайдалана отырып «Мобильді үкімет» арқылы рәсімдейді (жыл басынан бері ХҚКО арқылы - 545 мың азамат, Портал арқылы - 818 мыңға жуық азамат тіркелген).

Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ең сұранысқа ие және әлеуметтік маңызды қызметтердің бірі Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру болып табылады (жыл сайын 2 млн.дейін азамат құжатталады, 2021 жылы-1,7 млн астам азамат жүгінді).

Азаматтарға паспорттар мен жеке куәліктер «Халықты құжаттандыру және тіркеу «Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы рәсімделеді.

Егер бұрын құжаттар қағаз тасығышта рәсімделсе, азамат өзімен бірге өз фотосуретін алып келсе, қазір бұл қызмет автоматтандырылды. Суретке түсіру ақпараттық жүйе арқылы, тікелей рәсімдеу кезінде және ақысыз жүргізіледі.

Азаматтарға қолайлы болуы үшін – эксаумақтылық қағидаты қолданылады. Бұл дегеніміз, төлқұжатты немесе жеке куәлікті рәсімдеу үшін республиканың кез келген ХҚКО-на мекенжай бойынша тіркеуге отырмаса да жүгіне алады.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап барлық ХҚКО-ларда тікелей паспортты немесе жеке куәлікті рәсімдеуге электрондық өтінімді рәсімдеу кезінде QR-код арқылы мемлекеттік бажды онлайн-төлеу сервисі енгізілді, бұл азаматтарға қызмет көрсету кезінде уақытты қысқартты.

Ағымдағы жылы азаматтық хал актілері туралы ақпарат алу үшін азаматтарды құжаттандыру бойынша ІІМ жүйесін Әділет министрлігінің «АХАЖ АЖ» ақпараттық жүйесімен интеграциялау бойынша жұмыс аяқталды. Енді көші-қон қызметінің қызметкерлері анықтамалық деректердің өзгеруі туралы барлық ақпаратты жүйеден алатын болады. Бұл АХАТ органдарымен тегінің немесе басқа да деректердің өзгергені туралы құжаттардың берілгенін растау жөніндегі қағаз хат алмасуды алып тастады, сондай-ақ туу туралы жалған куәліктерді, тегінің және басқа да деректердің өзгергенін анықтауға мүмкіндік береді.

Өткен жылы елде Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін наурыз-мамыр айлары аралығында ХҚКО-лардың жұмысы тоқтатылды және қазақстандықтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды (жеке куәліктер, паспорттар) уақтылы қайта рәсімдеуге мүмкіндігі болмады.

ТЖ жойылғаннан кейін Министрлік халыққа құжаттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін барлық қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдады. Тасымалданбайтын, зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін 150 мобильді топ жұмыс ұйымдастырды, олар тұрғылықты жері бойынша үйге баруды жүзеге асырды.

Аудан орталықтарында халыққа ауылдық округтер бойынша құжаттандыру кестелері және әрбір елді мекен немесе ауылдық округ бойынша қабылдау күндері анықталды.

Жергілікті атқарушы органдардың, білім басқармаларының көмегімен ТЖ кезінде 16 жасқа толған оқушылардың жеке куәліктерін рәсімдеу үшін орталықтандырылған құжаттандыру ұйымдастырылды.

Төтенше жағдай жойылғаннан кейін бірнеше айдың ішінде 300 мыңға жуық азамат құжатталған, оның ішінде 15 мыңға жуық азаматқа мерзімі өткен жеке куәліктері үйге барып қайта рәсімделді (зейнеткерлер, мүгедектер және т.б.).

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 492-бабы бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде қолданылу мерзімі өткен жеке куәліктер бойынша айыппұл санкциялары осы кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылмады.

Қазіргі уақытта ІІМ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-пен бірлесіп СМС жолдау арқылы жеке куәліктің қолданылу мерзімінің аяқталғаны туралы азаматтарды алдын ала хабардар ету жөніндегі сервисті іске асыру бойынша мәселелер пысықталуда, бұл азаматтардың мерзімі өткен жеке куәліктерді уақтылы ауыстыру бөлігінде бұзушылықтарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұл сервисті енгізу кезінде халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланатын болады.

Дата публикации
10 ноября 2021
Дата обновления
10 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Пайдалы ақпарат
14 апреля 2022
Пайдалануға берілмеген үйлерде тіркеу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы