
Сонымен қатар, көші-қон ағындарының қарқындылығының өсуіне байланысты тәуекелдер бар. Сондықтан заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелеріне ерекше мән беріледі.
Ағымдағы жылы көші-қон заңнамасын 49,2 мың бұзушы анықталды, заңсыз көші-қонға байланысты 87 қылмыстың жолы кесілді. Елден 3 154 шетелдік азамат шығарылды.
Көші-қон заңнамасын қасақана бұзған адамдарды анықтау мақсатында (ақпан, маусым, шілде, қазан айларында) «Мигрант», «Заңсыз Трафик» және «Заңсыз Кордон» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.
Нәтижесінде 39,5 мың шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 28 мыңы – болу мерзімдерін бұзғаны үшін, 6,5 мыңы - шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін, 1,7 мың жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін рұқсатсыз тартқаны үшін және 4,2 мың ҚР азаматтары өздерінде болатын шетелдік туралы уақтылы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды.
Іздеуде жүрген 195 қылмыстық қылмыскер ұсталды, оның ішінде 181 Қазақстан азаматы және 18 шетелдік.