
Ішкі істер министрлігі жүргізіліп жатқан жаңғырту және жүйелік реформалар шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылдауда.
Барлық облыстық қалаларда 2018-2019 жылдар аралығында Көші-қон қызметтері орталықтары ашылды, онда еңбекші көшіп келушілер «бір терезе» қағидаты бойынша еңбек патенттерін ресімдеді.
Орталықтарда ПД-нің көші-қон, криминалистік қызметтерінің, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері, сондай-ақ медициналық ұйымдар, сақтандыру компаниялары және екінші деңгейлі банктер ықшам түрде орналасқан, электронды кезек енгізілді. Жұмысты мұндай ұйымдастыру еңбек иммигранты үшін рұқсат ресімдеу уақытын бірнеше күннен 2-3 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді және халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың жайлылығы мен қолайлылығын арттырды.
Азаматтардың оң пікірлерін ескере отырып, Ішкі істер министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, биылғы жылы елдің барлық қызмет көрсету орталықтары арқылы еңбекші көшіп келушілерге патент ресімдеудің пилоттық жобасын жүргізуге кірісті.
Ол үшін ХҚКО-ның ақпараттық жүйелері Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі жүйелерімен интеграцияланған, сол арқылы «бір терезе» шеңберінде бастапқы және дайын құжаттарды беру тәртібі жеңілдетілген.
Нәтижесінде ХҚКО арқылы 17 мыннан астам патент ресімделді және берілді.
Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің осындай механизмін қолдану жоспарланған.