ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Украина азаматтарының Қазақстан Республикасында болуы бойынша

     Украина азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына келуі, кетуі және онда болуы 2000 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинеті арасындағы Азаматтардың өзара сапарлары туралы келісіммен" (бұдан әрі - Келісім) реттеледі.

      Келісімге сәйкес Украина азаматтары Қазақстан Республикасына мынадай құжаттар бойынша келуге құқылы: шетелге шығу үшін Украина азаматының паспорты, баланың жол жүру құжаты, дипломатиялық паспорт, қызметтік паспорт, теңізшінің жеке куәлігі (кеме рөлі немесе одан үзінді көшірме болған кезде), әуе кемесінің экипаж мүшесінің куәлігі (ұшу тапсырмасында жазба болған кезде), Украинаға оралу куәлігі (тек Украинаға оралу үшін).

       Украина азаматтары жоғарыда көрсетілген құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірінші кесіп өткен күннен бастап жүз сексен күн бойы тоқсан күнге дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына визасыз бара алады, кете алады және онда бола алады.

        Қазақстан Республикасына тоқсан күннен астам мерзімге келетін Украина азаматтарының тиісті визасы болуға міндетті.

        Визасыз болу кезеңінде Украина азаматтары виза алу арқылы еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат болған кезде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке, іскерлік мақсаттарда болуға құқылы.

        2020 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктердің барлық санаттары үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге уақытша тіркеудің күші жойылғанын қосымша хабарлаймыз.

       Шетелдіктің болу үшін барлық жауапкершілік шетелдікті қабылдаушы және шақырған Тарапқа жүктеледі, олар келген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде өздерінде болатын шетелдіктер туралы Ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті (көшіп келушілердің барлық санаттары үшін).

 

 

Дата публикации
02 октября 2020
Дата обновления
02 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Пайдалы ақпарат
14 апреля 2022
Пайдалануға берілмеген үйлерде тіркеу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы