ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды ресімдеуге қатысты

       Көші-қон қызметі Комитетіне Қазақстан азаматтығынан бас тарту мәселелері бойынша өзге азаматтықты қабылдаған Қазақстанның бұрынғы азаматтары жиі жүгінеді.

      Осы жағдайды пайдаланып, Қазақстанда «қос азаматтық» танылмайтынын және басқа елдің азаматтығын қабылдаған Қазақстан азаматтары   30  тәулік ішінде Қазақстан азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін көші қон қызметіне жүгінуі тиіс екенін түсіндіреміз.

Егер Қазақстанның бұрынғы азаматы өзге азаматтықтың  «қос азаматтық» болуын жасырса, онда оның іс әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық белгілеріне жатады, бұл 200 АЕК-ке дейін айыппұл салуды немесе   Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберуді көздейді.

       Осы жағдайды болдырмау үшін Көші қон қызметі комитеті шет елдерде тұратын Қазақстан азаматтары өзге елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне  уақтылы жүгінуді сұрайды.

         Қазақстан азаматтығын жоғалтуды тіркеу тегін жүргізіледі бұл ретте шетелдік азаматтың ұлтық паспортының көшірмесін қоса беріп, еркін нысанда өтініш жазу қажет.

       Толық ақпарат алу үшін Сіз Көші-қон қызметі комитетіне 8-7172-71-41-67 телефоны арқылы хабарлассаңыз болады.

Дата публикации
01 сентября 2020
Дата обновления
01 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Пайдалы ақпарат
14 апреля 2022
Пайдалануға берілмеген үйлерде тіркеу

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы